Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Емізулі баласы бар әйел аязда тасжолда қалып қойған

ШҚО полицейлері аяз салдарынан жолда қалып қойған жүргізушілерді құтқарып жатыр. Олардың көмегіне әйел жүргізушілер айрықша қуанышты. Полицейлер бір әйелдің көлігінің дөңгелегін ауыстырып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Емізулі баласы бар әйел Семей қаласының сыртындағы тасжолда көлігінің дөңгелегі жарылған соң бір сағаттай тұрып қалған. Оған полиция қызметкерлері көмектесті.  
"Артық дөңгелек те жарамай қалды. Біз тасжолда 40 минут тұрдық. Бұл кезде бірнеше көлік өтті, алайда біреуі де тоқтамады. Бір кезде патруль көлігі келді. Өздері көлігімнің дөңгелегін ауыстырып берді. Оларға алғыс айтамын", - деді жас ана Мәдина.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: