Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Теміржолда темекі шегіп жазаға тартылды

Теміржолда темекі шегіп жазаға тартылдыҚазір көрінген орында темекі түтінін будақтатып тұруға рұқсат етілмейді. Оларға тиісті шаралар көріліп, қомақты айыппұл салынады.
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушы А. Сексеуіл станциясының темір жол перронында темекі шегіп оның қалдығын жерге перронға тастап, ортақ пайдалану орындарын ластаған. Сотта құқық бұзушының кінәсі толық дәлелденіп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-ның 330-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,  3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5556 теңге айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: