Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ғалымдар коронавирустың ауада қанша уақыт «өмір сүретінін» айтты

Бұл туралы «Рамблер» басылымы мәлімет келтірді, деп жазды 24.kz.
Қытайлық эпидемиологтар қауіпті вирустың кеңістікте «өмір сүру» уақытын анықтады. Вирус ауада 30 минуттай қалқып жүреді, ал адамдарға 4,5 метр жерден жұғу қасиетіне ие екен. Хуань провинциясының ғалымдары автобуста науқастың 7 кісіге вирус жұқтыру жағдайын жіті зерттеген. Маска тақпаған ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған жұпқа, және тағы бірнеше адамға ауруды таратқан. Тағы бір маңызды жайт, келесі рейстен мінген жолаушы автобустағы барлық адам түсіп кеткеннен кейін 30 минут ішінде дертті іліп алған. Сондай-ақ, дімкәс жан түшкіргеннен немесе жөтелуінен қалып қойған тамшыларда вирус бірнеше күн сақталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: