Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде мал басын көбейтуге несие берілді

Биыл Шиелі ауданында өз кәсібін ашу немесе кеңейту мақсатында 50 азаматқа шағын несие беру жоспарланып, жыл басынан 31 азаматқа мал басын көбейту бағытында 184827,0 мың теңге шағын несие берілді. 
Қосымша 32 жаңа жұмыс орындары құрылған. Бағдарламаның ІІІ бағыты аясында ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына 80 азамат уақытша негізде жұмысқа жолданды. Жастар тәжірибесінен өткізу мақсатында 340 жас алған кәсібі бойынша уақытша негізде жұмыс жасауда. Ал, келісімшарт мерзімі аяқталған 67 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, 960 азамат жұмысқа тартылды. Келісімшарт мерзімі аяқталған 34 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Жалпы қазіргі таңда жұмыс берушілер тарапынан пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру «Enbek.kz» мемлекеттік ақпараттық порталы мен білім беру жүйесі ұйымдарына арналған «jumys.snation.kz» порталы арқылы жүзеге асырылуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: