Жыл сайын еліміздегі әрбір мерекелер қарсаңында қазалылық жалғызбасты жандар, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулілер мен жетімдерге жеке кәсіпкерлер тарапынан қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, азық-түлік пен тұрмыстық заттардан көмектер беріліп келеді.
Бұл қолдау шаралары алдағы уақытта ерекше қарқын алып, «Жүректен жүрекке» жобасы қолға алынатын болады. Осыған байланысты жоба атына сай түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылмақ. Аталмыш жоба асыл қасиетті бойларына сіңірген жомарт жандардың басын біріктіре отырып өткізілмек.