Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Алматылықтар көлік жүретін көшенің ортасында шахмат ойнаған

Алматыдағы негізгі көшелердің бірінде көлікті тоқтатып қойып шахмат ойнағандар жүргізушілердің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиғаның видеосы желіде жарияланды. Жолдың ортасында шахмат ойнап, видеоға түсіргендер кептеліс туғызған. Оқиға орнына полиция басқармасы жеткен. Қазігрі таңда мәселенің мән-жайы анықталуда. 
"Алматы полициясы жол ортасында шахмат ойнаған ер адамдарды жауапқа тартты. Бүгін Аль-Фараби даңғылындағы "Буран-159" патрульдік полициясының экипажы жол ережесін өрескел бұзу фактісін анықтады. Жолдың ортасында жастар орындық қойып, шахмат ойнаған", - дейді полиция басқармасының баспасөз қызметі.  
Көшеде шахмат ойнаған азаматтар көліктерінің бұзылып қалғанын алдыға тартты. Алайда олар тиісті жазаларын алатын болады. 
"Біріншіден, бұл қылмыскерлердің өздері үшін қауіпті емес. Бұл көлік қозғалысы көп аймақта төтенше жағдай тудыру фактісі. Мән-жайды анықтау кезінде азаматтар көлік істен шыққандықтан, техникалық көмекті күту барысында осындай әрекетке барғандығын айтып ақталған. Үш азаматқа қатысты әкімшілік кодекстің "Жүргізушінің автокөлікті жүргізу барысында телефон немесе радио қолдануы", "Көлік құралдарының қозғалуы үшін кедергі тудырған кептеліс болған кезде қиылысқа шығу немесе жүріс бөлігін кесіп өту", "Жолжүру ережесін бұзу" баптары бойынша бес әкімшілік хаттама жасалды", - деді Алматы қаласы жергілікті полиция департаментінің басшысы, полиция полковнигі Манап Саттаров.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: