Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен сайысты

Өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен сайыстыҚызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық байқауы  өтті. Онда мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары сайысқа түсті.
Бұл шара анықтау және ынталандыру, Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны ретінде мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін және мемлекеттік тілді қолдану беделін арттыру мақсатында қолға алынды. Байқауға Арал, Қазалы, Сырдария, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының  мектептерінен  14-22 жас аралығындағы 11 талапкер қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 10-сынып оқушысы Набира Баркова (Қазалы ауданы) І орынды жеңіп алса, №81 орта мектептің 8-сынып оқушысы Надежда Невзорова  ІІ орынды (Арал ауданы), Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп-лицей оқушысы  Мария Лаврова ІІІ орынды (Сырдария ауданы) иеленді.
Ал, №3 аграрлы-техникалық колледжінің оқушысы Петова Лидия (Жаңақорған ауданы), көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің оқушысы Потапова Вера (Қызылорда қаласы), №198 орта мектептің 10-сынып оқушысы Тихоненко Максим ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздары басқарманың дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық байқаудың жеңімпазы желтоқсан айында өтетін республикалық байқауға қатысып, облыс намысын қорғайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: