Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Элизабет ересектер арасында жеңімпаз атанды

Элизабет ересектер арасында жеңімпаз атандыАҚШ-та мәнерлеп сырғанаудан "SKATE DETROIT" халықаралық турнир аякталды. Жарыста Канада мен АҚШ-тың белгілі клубтарында жаттығып жүрген әртүрлі елдердің ондаған мықты мәнерлеп сырғанаушылары бақ сынады. 
Seykhuninfo.kz тілшісінің  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлауынша, қыздар арасында жеке бағдарлама бойынша "Синьоры" деңгейінде кызылордалык Элизабет Тұрсынбаева алтын медальді иеленді. Осыған дейін жастар арасында сынға түсіп келген Элизабет жаңа маусымда ересектер арасында бірінші мәрте озінің бағын сынады.
Жерлесімізді осы жеңісімен кұттықтай отырып, бұдан да мықты қырынан танылып, елімізді әлемге паш етуіне сеніміміз мол. Ол енді 2015 жылдың 15 тамызында Канадада болатын Skate Kanada жарысына қатысады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: