Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауызбірлік — берекенің бастауы 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында елдің көкейінде жүрген көптеген сауалға тұщымды жауап қайтарып, тәуелсіз еліміздің алдағы мақсат-міндеттері жөнінде ауқымды ой-пікірін білдірді.

Сұхбат барысында кең байтақ Қазақстан әлемдік саясатта қалай бағалатыны жөнінде келелі ойлар айтылды. Президент орналасқан жері, экономикалық әлеуеті және қазірге геосаясат арқылы еліміздің жер жүзіндегі көптеген мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар ел екенін атап өтті. Бұл біздің халықаралық аренадағы іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қарап, күрделі мәселелерге байланысты сындарлы ұстанымда болу қажеттігін көрсетіп отыр.
Қай кезде де елдің ауызбірлігі, татулығы мен достығы жоғары жетістіктерге жетелейді. Қашанда татулықты ту еткен халқымыз сын сәтте де ортақ жұмылып, әрбір қиындықты артқа қалдырып келеді. Былтыр елімізде де болған су тасқыны болған аймақтарда қиындыққа тап келген ешбір тұрғын мемлекет қолдауынсыз қалған жоқ. Олардың әрбіріне тұрғын үй салынып, келген шығын толығымен өтелді. Қиын сәтте еріктілердің де елеулі еңбегі көзге көрінді. 
Өткен жылы қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» жобасы да елді мекендердің тазалығына оң әсерін тигізді. Бұл орайда оған Сыр елі халқы да белсене атсалысты. Бағамдап қаласақ, ол тұрмыс сапасының жоғары екенін білдіретін игі бастама екені даусыз. Сондықтан оны алдағы уақытта да кеңінен насихаттап, күнделікті өмір салтына айналдыра білгеніміз абзал. Халқымыз «Тазалық табалдырықтан басталады» деген тәмсілді бекер айтпаса керек-ті.
Сондай-ақ сұхбат барысында қоғамда кеңінен сөз болып жүрген Атом энергетикасын дамыту,  бірыңғай уақыт белдеуі, кәсіпкерлікті дамыту, доллар бағамының өсуі, ауыл шаруашылығы, цифрлық даму, сыбайлас жемқорлықпен күрес секілді көптеген мәселе кеңінен қамтылған.  

Әділжан ҮМБЕТ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: