Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АҚША ОРНЫНА АЛҒЫС АЛАТЫН ДҮКЕН АШЫЛДЫ

АҚША ОРНЫНА АЛҒЫС АЛАТЫН ДҮКЕН АШЫЛДЫҚазалы ауданында «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық акциясы басталды. 
Басты мақсат – қоғамдағы әлеуметтік әлжуаз топтарды қолдау, өмірге деген талпыныстарын ояту, өмірлік кедергілерді жеңуіне жәрдемдесу. Акцияның алғашқы шарасы бүгін «Барлығы да рахмет үшін!» әлеуметтік дүкенінің ашылуымен басталды. 
Шараға қатысқан аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Садақаңды сауыңда бер» - деген тағылымды сөзді тағы бір еске салып, барша тұрғындарды қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ, халықты 1-наурыз «Алғыс айту» күнімен құттықтады. 
Акция аясында аудан әкімі, мекеме-кәсіпорындар басшылары, жеке кәсіпкерлер тарапынан жиналған киім-кешек түрлері көмекке мұқтаж азаматтарға таратылды. Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір ауыз алғысы үшін берілді. Айта кетейік, 
«Мейірімді жүрекпен» акциясы жыл бойы түрлі бағытта ұйымдастырылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: