Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны - 3 500. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3401-ге жетті. Соңғы тәулікте тоғыз науқас емделіп шықты.
Бүгінде инфекциялық стационарда 29, ал стационардың реанимация бөлімінде 3 науқас ем алуда.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны-14 957, тікелей қарым-қатынас-12 209, ықтимал қарым-қатынас-2 748.
Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 1 300, тексерілгені – 433, жұмыс жасалуда – 1 137. Қалдық тест саны – 31 470. Эпид маусым басталғалы бері 182 375 сынама алынды.