Қызылорда қалалық № 2 сотының үкімімен сотталушы Б.-ға 4 (төрт) жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24 бабының 3-бөлігі, 178-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп танылды.
Атап айтқанда, ол, тергеумен анықталмаған белгісіз адам екеуі, жәбірленуші А. дүкен ішіндегі таулинк терминалынан ақша алып жатқанын байқап, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бөтен мүлікті ашық ұрлап, тонауға қылмыстық пиғылдары туындаған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.