Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Онда облыс орталығындағы бүгінгі күннің маңызды мәселелері таразыланды.
қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов хабарлама жасап, жетекші салалардағы өткен 6 айдың көрсеткіштеріне тоқталды. Жергілікті бюджеттің кіріс көзін ұлғайту мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы, әділет басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы, қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі, жеке сот орындаушылар, миграциялық полиция қызметкерлерінің қатысуымен жұмысшы комиссиясы құрылған. Қазіргі уақытта көлік салығы бойынша 304 млн.теңге, мүліктік табыс салығы бойынша 76 млн.теңге, жер салығынан 72 млн.теңге және шетел азаматтарының жеке табыс салығы бойынша 51,0 млн.теңге, барлығы 503 млн.теңге көлемінде резерв анықталған.
Нәтижесінде қазіргі таңда бюджетке қосымша 40 млн.теңге өндірілді. Бұл жұмыстар комиссиямен бірлесіп заң талабына сәйкес әрі қарай жалғасын табады.
Мәжіліс соңында қала әкімі қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы кешенді іс-шараларды жалғастыру керегіне тоқталып, бірқатар нақты тапсырма берді.