Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ТӨРЕЛІК» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

«ТӨРЕЛІК» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесі» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабаққа ювеналды соттың кеңсе менгерушісі М.Асанова  және кеңсе мамандары қатысты.
Кеңсе меңгерушісі  М.Асанова   «Төрелік» ақпараттық жүйесі бойынша баяндама оқып, қатысушыларға ««Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы істер бойынша қажетті ақпаратты жылдам қабылдауды қамтамасыз етіледі.          Облыстық сотпен хат алмасу тек  «Төрелік» ақпараттық жүйесімен өткізіледі. Жүйенің айырмашылығы да осыда, ақпараттар, тапсырмалар тек жүйе арқылы келеді және дер кезінде жолданған хаттар тиісті мекен-жайға түсіп тұрады. Тағы бір ерекшелігі қағазды үнемдеуге үлкен себебін тигізеді. Барлық операциялар автоматтандырылған. Содан кейін құжаттар базаға тіркеліп, сот төрағасы танысқаннан кейін тиісті маманды тандап, орындау үшін жолдайды. Осы арада құжат орындаушының компьютеріне келіп түседі. Жетекшілердің мақұлдауынан кейін құжат автоматты түрде сот кеңсесіне түседі, маман барлық деректемелерді тексеріп, оны алушыға жолдайды», - деп түсіндіріп өтті.
Талқылау барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндіру берілді.
                                                                                      Соттың баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: