Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада заңсыз интернет казино ашқан адам жазаланды

Қызылорда облысында заңсыз интернет казино ашқан адам жазаға тартылды.
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері былтыр тамыз айында қаланың орталық көшелерінің бірінде заңсыз ойын орнын анықтаған болатын. Көп қабатты үйдің бірінші қабатын жалға алған 29 жастағы азамат ол орыннан интернет казино кеңсесін ашқан. Онда 13 компьютерді ғаламтор желісі арқылы бәс тігетін құмар ойындар бағдарламасына қосқан. Ойын залына күніне 5000 теңге жалақымен кассир және күзетші жалдаған. 
«Заңсыз ойын орыны әшкереленді. Күдіктіге барлық дәлелдер ұсынылды. Казионы ұйымдастырушы азамат өз кінәсін толығымен мойындады. Қызылорда қалалық №2 соты оны ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп таныды. Оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Осынша мерзімге пробациялық бақылау және 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінен. 
Ведомство мәліметінше, былтыр департамент тарапынан заңсыз ойын бизнесіне қатысты 8 ойын мекемесі жабылып, 11,2 млн. теңгеден аса ақша заңсыз айналымнан алынған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: