Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Айымбетов орасан зор Қазақстанның үстінен 2-ақ минутта ұшып шыққан

Айымбетов орасан зор Қазақстанның үстінен 2-ақ минутта ұшып шыққанАумағы орасан зор Қазақстанның үстінен ғарыштан ұшып өту үшін небары 2-ақ минут қажет болды. Бұл туралы тәуелсіз Қазақстаннан ғарышқа тұңғыш ұшқан, қазақтан шыққан үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов "Хабар” телеарнасына берген эксклюзивті сұхбат барысында мәлімдеді.
Қазақстанды ғарыштан көру бақыты бұйырған жерлесіміз сұхбатында: "Ғарышта бірден жердің көріктігі көзіме оттай басылды. Өте әдемі. Қазақстан үстінен ұшқан тұста керемет әсер алдым. Сондағысы елімізді ұшып өту 2-ақ минут уақытты алды. Ал осы 2 минут мен үшін алдағы ғылыми жұмыстарымды жоғары деңгейде өткізуге ерекше ынта берді”, – деді.
Ресейдегі емдеу-сауықтыру орталығынан аман-есен елге оралған қазақ ғарышкері енді отандық космос саласын дамытуда аянбай еңбек етпек.
«Ол үшін қажетті тәжірибе де жинап келдім», – дейді ол.
"Бұл менің отбасым. Менің елім. Достарым. Отаншылдық мен үшін маңызды әрі қасиетті ұғым. 90-шы жылдары біз әскерде 6 айлап айлық алмадық. Сол кезде біз Отанға деген қызметті тастап кетпедік. Елімізге деген абыройлы міндетімізді қиын шақта жалғастыра бердік. Міне осы ісіміз отаншылдық қасиетінің көрінісі деп ойлаймын”, – деп ағынан жарылды ғарышкер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: