Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Биыл жол-көлік оқиғасынан 3 бала қайтыс болды

Биыл жол-көлік оқиғасынан 3 бала қайтыс болдыҮстіміздегі жылдың ақпан айында көлік ағымының легі көп жүретін қала орталығында орналасқан №140 мектептің 6 және 7-сынып оқушылары арасында жол қозғалысының жас инспекторлары байқауы өтті. 
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша,  аталған байқаудың басты мақсаты – жол қозғалысы ережелері бойынша балалардың сауатын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады. 10 кезеңнен тұратын бұл байқауда оқушылар өз деңгейлерінде білімдерін көрсетіп, бақ сынасты. «Үгіт бригадасы» сайысында жарысқа қатысушылар жол қозғалысы бағытында жастар арасындағы проблемалық мәселелерді кеңінен қозғап өтті. Осындай сындардан сүрінбей өткен сайыскерлер жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Өткен 2014 жылғы Республикалық сайыста облысымыздың атынан шыққан жасақ жүлделі ІІ орынға ие болуы басқа да оқушыларды жігерлендіріп, биылғы сайыста да алдағы орындарда көрінеміз деген үміттері бар. Айта кетерлік жайт, 2015 жылдың 1 айында облысымызда жасөспірімдердің қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы орын алса, онда 3 бала қайтыс болып, 4 бала түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: