Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРДІ

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ЕСЕП БЕРДІБүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жолановтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті.
Арал аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері, БАҚ өкілдері, құрылымдық дербес бөлім басшылары, жергілікті полиция қызметінің басшысы қатысқан кеңес отырысында Арал ауданы әкімінің қоғамдық кеңес алдындағы есебі және Арал аудандық мәслихатының 2016 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. 
Қатысушылар тарапынан аудан әкімі М.Оразбаевтың және аудандық мәслихат хатшысы Д.Мәдиновтың есебіне оң баға берілді.
Сонымен қатар, арнайы басқосуда Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жолантов та билік пен халық арасында алтын көпірге айналған қоғамдық кеңестің 2016 жылы атқарған жұмыстарын қысқаша баяндап өтті. 
Айта кетейік, бүгінгі отырыста аудан басшысы осы Қоғамдық кеңес тарапынан Елбасына аудан орталығынан еңселі ескерткіш орнату жайлы ұсынысының жоғарғы билік органдарының қолдауынан бөлек тікелей Елбасы тарапынан келісім берілгені хабарлады.
Осы ретте, Елбасына Арал халқы атынан көрсетілген құрмет есебінде бой көтеретін ескерткішке арнай қор ашылып, қорға салынған қаражат есебінен жүзеге асатыны белгілі болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: