Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазақстанда 13 майнингтік ферма анықталды

Елде бес күнде 13 майнингтік ферма электр энергиясынан ажыратылды. ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше жалпы тұтыну қуаты - 202 МВт құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев хабарлады. 
- Электр энергиясын тұтыну көлемінің динамикасы өткен жылмен салыстырғанда кішігірім өскені байқалады. Сонымен қатар электр энергиясын таратушы және энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындармен бірлесіп, энергия көздерінің тапшылығы және апаттық жағдай туындаған кезде тұтынушыларды шектеу кестесі әзірленді. Бүгінде облыс аумағында электр энергия штаттық режимде берілуде, - деді басқарма басшысы Ерлан Жаңабаев.
Ел аумағында 17 майнинг фермасы жұмыс істеуде. Олар өз кезегінде -540 МВт қуат көзін тұтынып отыр. Жақында ҚР Энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті мобильді топтың қатысуымен цифрлық майнинг нысандарын анықтау бойынша тексеріс жүргізуде.
-Қазіргі таңда майнингтік-фермасына байланысты тұтынушылар тіркелген жоқ. Бұл ретте, ең жоғары жүктеме сағаттарында энергия жүйесінде электр қуатының тапшылығы байқалуда. Сондықтан электр энергиясына қажеттіліктің негізгі себебі – цифрлық майнинг субъектілерінің қызметі, - деді «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дінмұханбет Әбдіреев.
- Бүгінде жауапты мекемелермен талдау жүргізілуде. Майнингке қосылған нысандар анықталмады. Бұл жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын боламыз, - деді «ҚР энергетика министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің бөлім басшысы Марат Мұңайтбасов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: