Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мүгедектердің кәсіпкерлік құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасалған

Мүгедектердің кәсіпкерлік құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасалғанПрокуратурамен жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен жергілікті атқарушы органдармен мүгедектердің кәсіпкерлік құқықтарын жүзеге асыруға көрінеу кедергі жасау түріндегі заңсыздықтар анықталды. Бұл жайында облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 31 қаңтарындағы қаулысымен тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі және олардан сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілген.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес, бұндай тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы хабарландыру мәтінінде мемлекеттік сатып алу тек қана тиісті мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатынын көрсетеді.
Алайда, Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бұл заң талаптары сақталмай, осы санатта жүргізілетін жұмыс түрлері бойынша конкурс қоғамдық бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдар арасында жүзеге асырылатыны көрсетілмей, жалпы кәсіпкерлер арасында жарияланған.
Прокуратурамен енгізілген қадағалау актілерінің нәтижесінде 487 млн.теңгенің мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы 8 хабарламаларының күштері жойылды.
Нақ осы тектес заңсыздықтар Қазалы ауданында, яғни аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Әйтеке би кенті әкімдігі, Басықара, Сарыбұлақ, Мұратбаев, Арықбалық ауылдық округтерінің әкімдіктері тарапынан орын алған (98 млн. теңгеге 8 конкурс хабарламаларының күші жойылды).
Одан бөлек, 2,5 млн. теңгеге өткізілген 3 конкурс қорытындысының күші жойылып, мүгедектердің құқықтары қорғалған.
Нақтыласақ, жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарға арналған интернат үйінің лауазымды тұлғаларымен төсек тыс орындарын сатып алуға конкурс өткізу барысында «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «№3 Алматы» оқу-өндірістік кәсіпорнының конкурстық өтінімін заңнамамен қаралмаған негізбен бас тартып, құқықтарын іске асыруға көрінеу кедергі келтірген.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған шешімнің күші жойылып, конкурс қайта өткізілуде. Комиссия мүшелерінің жауаптылықтарын қарау жөнінде прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: