Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының 16.08.2023 жылғы үкімімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) бойынша 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған О. есімді азамат мәжбүрлі еңбекті орындаудан қазан айы бойы жалтарғаны үшін 26.10.2023 жылы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотына бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсыным жолданды.


Яғни, О. есімді сотталғанға сот тарапынан қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза тағайындалғанына қарамастан, 2023 жылдың қазан айы бойы мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтарған және сол үшін оған бірнеше рет жазбаша ескерту жарияланған.
Алайда, оған қарамастан О. есімді сотталған мәжбүрлі еңбекті орындаудан қаскөйлікпен жалтаруын тоқтапаған және мәжбүрлі еңбекті орындауға кіріспеген.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің талаптары бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған адамның мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартуы немесе дәлелді себептерсіз мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтаруы – бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылықтар болып табылады.
Аталған ұсынымды 20.11.2023 жылы қарау кезінде сот отырысына Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қайта қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаупі жоғары сотталғандар қатыстырылды.
Сонымен қоса, сот  отырысында  прокурормен сотталғанның жазасын ауыстыру туралы қорытынды берілді.
Осыған орай, О. есімді сотталған бас бостандығын шектеу жазасының 1 (бір) жыл 3 (үш) ай 15 (он бес) күн өтелмеген мерзімі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленген.Қаулы заңды күшіне енбеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: