Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан бері 15 автокөлік өрті тіркелсе, 2020 жылы 17 автокөлік өрті тіркелген.
Өрттердің шығуының басты себебі – көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан орын алуда. Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді. Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр.