Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

КӘСІП АШУ МҮМКІНДІКТЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ

КӘСІП АШУ МҮМКІНДІКТЕРІ НАСИХАТТАЛДЫ

 

Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұйымдастырылатын Медиа-грид  іс-шара жоспарының 13 тармағына сәйкес, ЗК-169/5 мекемесі аумағынан кәсіп ашу мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында ағымдағы жылдың 1 қараша күні ЗК-169/5 мекемесінің өндіріс аймағында пресс-тур өткізілді. 
Бұл шараға облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы  Ақтілек Тәжі, жергілікті БАҚ өкілдері – «Қазақстан-Қызылорда» облыстық телеарнасының  тілшісі  Әділбек Жақанов, «Қоғам тв» телеарнасының тілшісі Дмитрий Хе, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Нағымжан Сауяев және «Халық» газетінің тілшісі Жансая Жүнісова  қатысты. 
Аталмыш шараға қатысушылар мекемедегі өндірістік аймақтарды аралап, кәсіп ашқысы келген кәсіпкерлерге жасалған мүмкіндіктердің тиімді жақтарымен танысты. Атап айтсақ,  кәсіп ашушыларға мекемедегі бос ғимараттар сенімгерлік басқаруға тегін беріледі. Яғни ғимаратты пайдаланғаны үшін ешқандай төлем төленбейді. Екіншіден,  ғимаратты күзетуде ақша қаражатын  үнемдейсіз, ғимараттар күзетілетін объектінің ішінде орналасқан. Үшіншіден, дайын жұмыс күші жеткілікті және еңбек тәртібі қатаң сақталады. Төртіншіден, айлық жалақы бойынша  аз шығындар, сотталғандардың айлығы ең төменгі айлық көрсеткішінен төмен болмауы керек. 
– Мекемеде кәсіп ашудың осындай тиімділіктерін көрсете отырып, кәсіпкерлерді  ЗК-169/5 мекемесіне ынтымақтастықта кәсіп ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырамыз, – сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы әділет майоры Е.Сон.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: