Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шілдеде Жалағаш пен Жосалы кенттері газға қосылады

Үстіміздегі жылдың шілде айында Жосалы және Жалағаш кентіндегі газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, халық игілігіне беріледі. 
Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Бекежанов және Қодаманов ауылдары табиғи газға қосылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов баяндады. 
- Биыл шаһарға қарасты Наурыз және Махамбет елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Жобаны толығымен аяқтау мақсатында 2022 жылға Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда, газбен жабдықтауға 8 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленуде. Яғни 2025 жылға дейін тиісті жұмыстар жасалып, газбен жабдықтау үлесін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда, - деді Ерлан Ералыұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: