Бүгін, 20 мамырда Жаңақорған кентіндегі Тайпақкөл жағалауын тазалау мақсатында "Тазалық" акциясы жүргізілді.
Акцияға іс- шара жоспарында белгіленген 22 мекемеден 334 адам қатысты. Оның ішінде ҮЕҰ мүшелері, жастар мен еріктілер де бар. Кентке аяқ су айдайтын көлден Нарымбетов көшесіне баратын каналдың екі жағасы, осы каналдан бастап М.Көкенов көшесінен көлдің үстіне өтетін өткел- көпірге дейінгі көлдің екі жағалауы, су бетіндегі қоқыс және стадион маңындағы көл ұлтаны тазартылып, жиналған күл- қоқыс сыртқа шығарылды.