Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында 492 мыңнан астам референдумда дауыс бере алады

Қызылорда облысы республикалық референдумды өткізуге 380 референдум учаскесі бар. Оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-ы аудандарда орналасқан. 

Барлық учаске талапқа сай жабдықталды. Мүгедектігі бар азаматтар үшін арнайы құрылғылар қамтамсыз етілген. Дауыс беру күні 45инватакси қызметі жұмыс жасайды. Оның 16-ы Қызылорда қаласында, 29-ы аудандарда орналасқан. Қажеттілікке қарай учаскелерде 48 ымдау тілінің маманы қызмет атқарады. Сондай-ақ, 72 учаскеде 105 азаматқа Брайль қарпімен жазылған трафереттер қолжетімді. Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы. 
Тұрғындарға референдум өткізетін күн мен орны туралы көрсетілген шақыру қағаздарымен смс хабармалар таратылды. Референдумды өткізуге жауапты 2652 комиссия мүшесітолық оқытудан өткізілді. 
Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған. Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істейді. Маңызды саяси науқанда азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай үшін Қызылорда облысының әкімдігі арнайы 4 сервисті жүзеге асырды.  Аттап айтқанда, https://referendum.orda.gov.kz/kkсайты тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мұнда азаматтар сайтқа кіру арқылы өз учаскесін анықтап, референдум комиссиясының мекен-жайы, байланыс деректері және комиссия мүшелерінің құрамы туралы ақпаратты біледі. Сондай-ақ, әрбір азамат яндекс карта арқылы өз учаскесіне баратын жолдың сызбасын және такси құнын да көре алады. Бүгінгі күнге дейін сайтты 5000-нан аса тұрғын қолданған.  
Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.                                  Онда 4 ауысыммен жұмыс істейтін 36 диспетчер 25 күннің ішінде 1000-ға жуық қоңырауға жауап берді. Сауалдардың басым бөлігі - азаматтардың өз учаскесін анықтауы және дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты.
Аймақта 25 қоғамдық ұйым аккредиттеуден өткізілді. Сондай-ақ, саяси партия және халықаралық байқаушылар үшін де дауыс беру процесін байқауға мүмкіндік жасалады.  Дауыс беру күнінде азаматтардың белсенділігін арттыру мақсатында ең жас, ең алғаш болып келген дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар үйлестірілетін болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: