Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жыланның аяғы тек киесі бар адамдарға ғана көрінетіні рас па?

Жыландар — жер шарына кең тараған бауырымен жорғалаушылар. Ғаламшарымызда 3000 мыңға жуық түрі кездеседі. Бұл жөнінде zhambylnews.kz жазды. 
Аяқтары, иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерде анық жетілмеген.
Десек-те халқымызда, «Жыланның аяғы киесі бар адамдарға ғана көрінеді» деген түсінік бар. Жыланда расымен аяқ, иық немесе жамбас сүйектері болады ма?
Асан қайғы: «Аяғы жоқ, қолы жоқ. Жылан қайтіп күн көрер…» деп бекер айтпаса керек-ті. Ең алдымен, аяқ болуы мүмкін бе? Осы сұрақтың жауабын тапсақ. 
Йель университетінің ғалымдары кең көлемді зерттеу жүргізді, зерттеу барысында қазіргі заманғы жыландар, ежелгі жыландар мен жалпы жыланның геномдары зерттелді. Нәтижесінде, олар заманауи жыландардың артқы аяқтары, білектері мен саусақтары болған деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, олар олжаларын ұстап алып, аузына салуға мүмкіндік беретін тістері бар. 
Йель ғалымдары мұндай тіршілік иелері Жерде шамамен 130 миллион жыл бұрын өмір сүрген деп тұжырымдаған. Генетикалық мәліметтерге сүйенсек,   «жылан» формасы — ұзын, басы және аяқ-қолдарының болмауы жыландардың болжалды ата-бабалары арасында кем дегенде 26 рет дамығанын көрсетеді. 
Англия қаласы Портсмут университетінің ғалымдары тас мүсінді жылан бейнесін таптық, табылған жыланның төрт аяғы бар деп таңқалдырып,  жарияға жар салған болатын «Жыландардың бауырымен жорғалаушыларға туыстық жақындығы бар деген гипотеза жоққа шығарылған болатын.
Енді бұл теорияны қайта дамытуымызға тура келеді. Жыланның аяқтары шамамен бір сантиметр болады. Ендігі мәселе, жыланның неге бауырымен жорқалаушылардан бөлінгені мен оның нақты қай түрінен келіп шыққанын дәлелдеу. Сонымен қатар, оған әсер еткен әртүрлі табиғи факторларды анықтау керек.

Ал жыланның тас мүсінмен табылуы оның жерде тіршілік еткенін көрсетеді. Сондықтан біз білетін жылан суда өмір сүретін бауырымен жорғалаушылардан келіп шықпағанына сенімдіміз», — дейді Портсмут университетінің профессоры Дэйв Мартилл.
Демек, жыланның аяғы болғаны рас. Мутациялық өзгерістер нәтижесінде аяқсыз-қолсыз жаратылысқа айналған.
Дегенмен, «Жыланның аяғы киесі бар адамдарға ғана көрінеді» деген қазақи түсінік бір құдіретті күштің бар екендігінін дәлелі шығар, бәлкім. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: