ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешовтың төрағалығымен 2016-2020 жылдарға арналған үй шаруашылықтарын есепке алу дәптерін толтыруды оқыту семинары өтті.
Оқыту семинарына облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Н. Талқанбаев, Тіркелімдер және респонденттермен жұмыс басқармасының бас мамандары А.Науанова, А.Төлегенова және облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы Л.Андакулова арнайы қатысты.
Семинарды өткізудің негізгі мақсаты: Кент, ауылдық округ әкімдеріне және жауапты мамандарына үй шаруашылықтары және шаруа немесе фермер қожалықтар бойынша есепке алу дәпретіне алынған деректердің дәйектілігін және олардың уақытылы шынайы ұсынылуын қамтамасыз етуді түсіндіріп, пікір алмасу. Семинар барысында ауылдық округ әкімдері тарапынан тиісті сала басшыларына сауалдар жолданып, нақты жауаптар алынды.