Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы жаңа мүшелермен толықты 

Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы жаңа мүшелермен толықты. 
– Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бақылау жүргізуде азаматтық қоғамның белсенділігі артуда. Қазір департамент жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының құрамын азаматтық қоғам белсенділерімен толықтырылуда. Әлеуметтік желіге хабарлама жарияладық. Әр ауданнан бір азамат іріктеп алдық. Оның ішінде мәслихат депутаттары, БАҚ және үкіметтік емес ұйым өкілдері бар, – деді облыс бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Айта кетейік, ведомствоаралық жұмыс тобы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қоғамдық бақылау мен қабылдау өткізеді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 8 мемлекеттік мекемеде қоғамдық мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде 7 ұсыным енгізілді. 
Жалпы облыста 357 мемлекеттік орган бар. Ал аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 3 667 бірлікті құрайды. Жыл басынан бері 2 131 552 қызмет көрсетілген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: