Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 1565 кәсіпкер арнайы платформа арқылы кәсібін бастап кетті

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.
Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарының айтуынша,  17 тамыз сағат 13.00-дегі ақпарат бойынша Қызылордадан 2050 кәсіпкер https://infokazakhstan.kz/ порталына тіркеліп, 1565 кәсіпкер жұмыс жасауға мүмкіндік беретін актісін алған. Өтініш берген 292 кәсіпкер мониторингтің топтың келуін күтуде екен.
Естеріңізге салып өтсек, 14 тамызда ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданып, оған сәйкес бизнестің жұмыс бастау тәртібі белгіленді. Жоғары эпидемиологиялық қатерлерге байланысты кәсіпкерлік қызметке жұмыс істеуді электронды шешімдер жүйесі арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылданды. 
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады.  Бұл платформа кәсіпкерлерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады. 
«InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады. Назар аударыңыздар, әзірге платформа сервисін десктоп-нұсқада – компьютер арқылы пайдалануға болады, мобильді нұсқа әзірлену үстінде. Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар», - дейді Пірмұхаммед Сыздықов. 
ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылады! Кәсіпкерлер мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметті бастай алады. 
Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері, бильярд және боулинг залдары. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: