Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 22 мыңнан астам балаға спорт секциясы мәселесін шешудің жаңа тетігі табылды

Облыста 4-17 жас аралығындағы 221 мыңнан астам бала бар. Соның 48,5 пайызы мәдени және спорт үйірмелеріне қатысады. Мамандар үйірмелермен секция жұмыстарына талдау жүргізді.
Нәтижесінде аймаққа 694 бала үйірмеге, 22 мыңнан астам балаға спорт секциясы қажет екендігі анықталды. Бұл мәселені шешудің жаңа тетігі табылды. «Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу жөніндегі» Жол картасы бекітілді. 
Яғни, үйірме мен спорт секцияларына қатысатын балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту, оларға рухани мәдени бағыт беру, бос уақытын мазмұнды және тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік ашылады. 
– Шығармашылық үйірмелер бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Оның ішінде би, бейнелеу өнері, сәндік қолданбалы шығармашылық үйірмелері, театр және кино жанры, заманауи арт-студия үйірмелері, вокалдық үйірме, аспапта орындау, музей ісі бойынша үйірмелер, әдеби үйірмелер бар. Ал сабақтар өткізуге арналған үй-жай таза және жұмыс жасауға ыңғайлы жабдықталған санитариялық тораппен жабдықталуы тиіс. Жалпы бұл үшін балаларды есептеу, есепке алу және дамыту бойынша өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға шарт жасалады, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова. 
- Бүгінде балалардың спорттық үйірмелерге қажеттілігі мен санын анықтадық. Алда осы бағытта ауқымды жұмыстар атқаратын боламыз. Ата-аналар балаларын қандай үйірме, қандай секцияларға барғысы келетінін өздері шешеді. Және өтінім арқылы қабылданады. Біз Жол картасы аясында бірінші кезекте 124 спорт секциясына 1730 баланы тартуды жоспарлап болып отыр. Бұл жұмыстар өңірдегі спорттың дамуына ерекше үлес қосады деп ойлаймын, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жақсылық Оспанов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: