Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 ОТБАСЫ АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫНАН АЙРЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 ОТБАСЫ АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫНАН АЙРЫЛДЫҚызылорда облысы көлемінде жасөспірімдер арасындағы топтасқан төбелес және басқа да қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, ашу бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Осының нәтижесінде 2016 жылдың 3 айында облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны өткен  жылмен  бір деңгейде болса, осы қылмыстарды жасаған жасөспірімдер саны -32,3 пайызға (31-ден 21-ге), оның ішінде қылмыс жасаған мектеп оқушылар саны -60,0 пайызға (10-нан 4-ке), колледж студенттерінің саны -37,5 пайызға (16-дан 10-ға) төмендеді. 
Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстарды алдын алудың бірден-бір жолы – ол қылмыс жасауға, қаңғыбастыққа, сабақтан себепсіз қалуға бейім кәмелетке толмағандарды анықтау, оларды  девианттық мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатына орналастыру болып табылады.
Нәтижесінде, баласын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны үшін 32 ата-ана соттың  құзырымен  әкімшілік  жауапкершілікке  тартылған.  
Сонымен қатар балаларының тәрбиесімен айналыспай, психикасына теріс әсер ететін ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу жұмыстары барысында облыс бойынша 2 ата-ана сот  шешімімен  ата-аналық құқығынан айырылса, 1 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелді. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: