Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

АРАЛДА ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІҚызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Аралда болды.
Арнайы іссапар барысында ауданның жас кәсіпкерлерімен және кәсіпке бет бұрған жастармен кездесу өткізді.
Кездесуге ауданда өз кәсібін дөңгелетіп жүрген жас кәсіпкерлер, белсенді жастар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты - жастарға кәсіпкерлер палатасының жұмысын таныстыру, жастардың негізгі проблемаларын тыңдау, еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру және өз кәсібін ашуға байланысты бағыт-бағдар беру. 
Кездесуге келген жастар жекелей мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін ашуға қажетті көлемде несие алуға кепілдікке қоятын мүлік болмауына байланысты қиындықтар бар екенін жасырмады. Осы ретте, Ғ.Жақсылықов кәсіпті қалай ашуға және қиындықтарды қалай жеңуге болатыны туралы өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Кездесу қорытындысында жастардың үнемі ізденісте болу керектігі, тәуекелге шешіле білу тұрғысы сөз болды. Қажет болған жағдайда арнайы тағылымдамадан өтуге шақырды. Сондай-ақ, тың идеялары мен жаңа жобалары болса қолдау көрсететіндіктерін жеткізд
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: