Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫКөктем айында табиғаттың тосын мінез танытып, Сырдың суының өз деңгейінен бірнеше есеге артатындығы белгілі. Осыған байланысты бүгін Арал ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиында «Көктем -2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының іс-шараларын Арал ауданының аумағында дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларын таныстыру мақсатында 2016 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға бағытталған іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау мәселесі кең көлемде талқыланды. 
Жиынға аудандық ақпарат құралдары, төтенше жағдай қызметтерінің басшылары, аудандық төтенше комессия мүшелері және мүдделі мекемелердің басшылары қатысты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: