Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АМАНӨТКЕЛДЕ КӘСІПКЕР ТОЙХАНА САЛДЫ

АМАНӨТКЕЛДЕ КӘСІПКЕР ТОЙХАНА САЛДЫАрал ауданының әкімі Абзал Мұхимов Аманөткел және Қосжар ауылдық округтерінде болды. 
Аманөткел ауылдық округінде елді мекеннің кіре берісінен орын тепкен жеміс ағаштарының саябағының жұмысымен танысты.Сол арада ауыл азаматтарымен бірқатар мәселелер пысықталды. Одан әрі ауылдағы №73 орта мектептің ауласында орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыу бағдарламасының қаржыландыруымен салынған жылыжайға барып, алдағы жоспарларымен танысты. Жылыжайдан шығысымен жеке кәсіпкер Темірлан Жолмағамбетовтың 300 орындық тойханасының жұмыс барысын көрді. Игілікті істі қолға алған кәсіпкерге өз жұмысын дамыту үшін жер мәселесін шешіп беруді Аманөткел әкіміне тапсырды.
Іссапарының соңғы аялдамасы Қосжар ауылдық округі болды. Бұл арада А.Мұхимов жобаның сметалық құжаттамасы әзірленіп қойған, жөндеу жұмыстары қарастырылған көшенің жағдайымен танысты.
Сонымен қатар, ауылдық клубты жөндеу қажеттігін де ескерді. Көзбен көріп, көкейге түйген жағдайлардың қашанда оң шешім табуына жағдай жасайтындығын аудан әкімі қаралатын қаржы көлеміне қарай үйлестіретінін айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: