Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАСТАР ӨЗ КӘСІБІН БАСТАУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ


ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен, Қызылорда қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті бірлесіп «Startup Bolashak: Менің арманым» жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауын бастады.
Студенттер сарайында ұйымдастырылған ұлттық байқаудың сыр өңіріндегі ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты Хатшысы Арын Амангелдіұлы Өрсариев арнайы қатысты.
Бұл жобаның басты мақсаты – 16 мен 35 жас аралығындағы жастардың бизнес жобалары мен бастамаларын іріктеу арқылы, үздік деп танылған идеяларға қолдау көрсету және қаржыландыру болып табылады.
Аталмыш шараға өңір жастарының қызығушылығы өте жоғары. Мұның бір ғана дәлелі, жастар бизнес-жобалары ұлттық байқауына аймағымыздан барлығы 200-ге жуық жастар өз жобаларын ұсынған.
Ашылу салтанатында, аталмыш ұлттық байқаудың тәлімгері болатын кәсіпкерлік саласының білікті менторлары қала әкімі Н. Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жалпы бұл бағыттағы жобаларды қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-і бірлесіп былтырғы жылдан бастап сәтті жүзеге асырып, түрлі форматтағы шараларда 160 жасты кәсіпкерлік негіздері мен жаңа дағдыларына бейімдеген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: