Арал ауданындағы ҮЕҰ өкілдері Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығы және Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған «Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің құқықтық және қаржылық аспектілері» атты оқыту курсынан өтті.
Шараға ішкі саясат бөлімінің мамандары, ҮЕҰ мүшелері, БАҚ мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Ақпараттық семинар үкіметтік емес сектордың азаматтық қоғам дамуындағы рөлі мен жергілікті жердегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу, олардың мемлекеттік сектормен бірлесе жұмыс істеуін айқындаудан басталды. Облыстық Азаматтық Альянсы Қауымдастығы жоба үйлестірушісі Жанат Сапаржанова және заңгер Болат Айтимов ҮЕҰ-дарының қаржылық тұрақтылығын қалыптастыруға қарқын беретін бағыттарды талқылап, қатысушыларға қоғамдық ұйымдар базасында әлеуметтік жобалар жазудың үлгілерін көрсетті. ҮЕҰ мүшелері қаржылық тұрақтылықтың негізгі көздерімен танысып, азаматтық қоғам мен ұйымдарды дамыту мүмкіндіктері туралы жалпы ақпарат алды. Оқыту курсы соңында Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің сұрақтарына жауап беріліп, жекелеген кеңес берілді.