Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық өрен "Жас дарын" атанды

Қызылордалық өрен "Жас дарын" атандыӘр сала бойынша оқ бойы озық шыққан 30-ға жуық өнертапқыштың мерейі үстем болып, марапатталды. Олардың еңбектері еленіп, қаржылай сыйлық табысталды. 4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойынының электронды нұсқасын жасаған қызылордалық Бағлан Төлебай «Жас дарын» аталымында алдына жан салмады. Ол ойлап тапқан тоғызқұмалақ ойынының 3D форматындағы әліппесінде керектінің бәрі бар. Онда ойынның ережелері мен барысы түсіндіріледі. Оған қоса, жас өрен қойшылар алгебрасының тарихын да қосуды ұмыт қалдырмапты. Электронды әліппені кез келген адам компьютеріне жүктеп алуына болады. Мемлекет тарапынан паттентеліп, авторлық құқық берілген.
- Алдағы уақытта осы жобамды дамытып, осы тоғызқұалақ ойынын электронды ойын жасағым келеді. Әртүрлі плеймаркет сияқты интернет дүкендеріне салып, халыққа тегін таратқым келеді. Тағы бір ерекшелігі –қазір екі тілде жасадым. Қазақ тілінде және ағылшын тілінде. Алдағы уақытта орыс тілінде қосқым келеді, - «Жас дарын» аталымының жеңімпазы Бағлан Төлебай. 
Мұнда келешегінен үміт күттірер жастармен қатар сайдың тасындай сайланып, берекелі іс көрсетіп жүрген жандарда бар. Айта кету керек, биылғы байқауға барлығы 281 адам қатысуға ниет білдірген. Алайда соның 30-ға жуығының жұмысы ғана жоғары марапатқа ие болды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: