Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2018 жылдың сәуір айының 17-19 күндері аралығында №233, №212, №173 орта мектептерінде «Жас талапкер» тақырыбында кездесулері өткізілді.
Кездесулердің негізгі мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің бітіруші түлектерімен қоғамда сұраныс туып отырған мамандықтарды таңдау бойынша кездесу.
Кездесу барысында Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Досмаханов Жанболат Жеңсікбайұлына сөз берілді.
Жанболат Жеңсікбайұлы бітіруші түлектеріне «Серпін» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру, жастар арасында құқық бұзушылықтың жолдарын алдын алу жөнінде және діни ахуал бойынша толық мәлімет беріп өтті.
Келесі сөз кезегін «Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің маманы Жұмабек Гүлмира Жұмабекқызы қазіргі таңда қоғамда сұраныс тауып отырған мамандықтар техникалық салалары екенін түсіндіре өтті.
Г.Жұмабекқызы бітіруші жастарға әлеуметтік бағдарламасы, жастар бағдарламасы, қоғамдық бағдарламасы бойынша толық мәлімет берді.
Кездесу соңында оқушылар арасында пікір - алмасу,
сұрақ-жауап, жүргізілді. Бітіруші түлектер тарапынан қойылған барлық сұрақтарына арнайы сала мамандарының толық жауаптары берілді. Шараға әр жалпы білім беру мекемелерінен 9,10,11 сынып оқушылары қатыстырылды.