Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АУДАН ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

 

Арал ауданының әкімі М.Оразбаев Желтоқсан оқиғасына қатысып, ұлттық рух пен намыс жолында беріспеген жергілікті желтоқсандықтарды қабылдады.
Арнайы кездесу барысында сөз алған аудан басшысы:
- Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым, ұлы мұрат. Ұлтымыздың ұлы жеңістері оңайлықпен келген жоқ.Тәуелсіздіктің жолы қиындыққа толы болды. Елді қорғауда қан майдандар, ұлт-азаттық көтерілістері, ұлтымыздың ұлыларының, ұл-қыздарының қайсарлығы, құрбандығы – халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманына ұмтылды. Соның бір тұсында сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз бен үлестеріңіз салмақты деп білем. Бұл біздің жадымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде мәңгі сақталады, - деп, ізгі ықыласы мен ақжарма тілегін білдірді. 
Сонымен қатар, желтоқсан оқиғасының қатысушылары Серік Сералиев, Асқар Бекбосынов, Еламан Әбдіреев пен Ислам Жұбановқа Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай әзірленген республиканың естелік медальдарын табыстады.
Көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізген ұлт азаматтары да өзіндік мерекелік лебіздерін айтып, «Қазақ ұлты көбейе берсін, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!», деген тілектерін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: