Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛДЫ

АРАЛДА «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» ТАҚЫРЫБЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ БОЛДЫ

 

Арал аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зеттеу орталығының ұйымдастыруымен «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбынды аудандық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияны аудан әкімінің орынбасары Р. Өтешов ашып жүргізді.
Қазіргі қоғамдағы діни сауаттың төмендігі салдарынан орын алып отырған адасушылықтың алдын алуды көздеп, жастардың имандылық қасиетін жандандыра түсуді мақсат еткен конференция діни мазмұндағы бейнероликпен басталды. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ербол Рүстемов, «Ұлт болашағы иманды ұрпақ» тақырыбында аудан ардагері Тәжібай Үмбетәлиев, «Экстремизм мен терроризм алдын алудағы діннің рөлі» төңірегінде «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің» оқытушысы С. Тәжібаев, «Бүгінгі күндегі діни сауаттылықтың өзекті мәселесі » туралы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің имамы Б. Бахрамұлы және өзге де бірқатар мамандар баяндама жасады. 
Конференция соңында тұрғындар тарапынан мамандарға сауалдар жолданып, тұщымды жауап алынды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: