Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ШИЕЛІДЕ АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ШИЕЛІДЕ АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІҚой жылы еліміз үшін жасампаз жыл болғаны рас. Басқасын айтпағанның өзінде бір ғана Шиелі ауданында екі бірдей білім ордасы пайдалануға беріліп, бірқатар нысандар бой көтерді.
Жаңа жыл мерекесіне орай ауданымызда ауыз толтырып айтарлықтай мерекелік іс-шаралар өтуде. Аудан басшысы Қайратбек Сәрсенбаев кезінде елдің өркендеуі мен тыныштығына тер төккен, бүгінде зейнет жасындағы бірқатар ардагерлерді отбасыларына барып құттықтаса, қалған ардагерлердің басын қосып, елдің ұйытқысы болып жүрген аға буын өкілдеріне ризашылығын білдіріп мерекелік сый-сияпатын жасады. Сондай-ақ, Жаңа жыл мерекесіне орай салатанатты кеш өткізіліп, ауданның әлеуметтік дамуы мен өркендеуіне аянбай тер төгіп жүрген бір қатар азаматтарды түрлі номинациялармен марапаттады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: