Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы сайлау өтіп, онда басым дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жеңіске жеткен болатын. Ал бұл мереке Қазалыда кең ауқымда аталып өтті. 
Елінің аманатын арқалаған Тұңғыш Президент күні тойлана бастағаннан бері бірер жылдың ішінде халықтық мерекеге айналып үлгерді. Мерекелік кеште аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қазалылықтарды мәртебелі мерекемен құттықтады. - Бұл - ғасырлар тоғысында ата-бабалар аңсаған Азаттық алауын жаққан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Сондықтан да бүгінгі мейрамның сыры мен сипаты, халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше.
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі ұшан-теңіз» - деп аудан басшысы Елбасының Қазақстан тарихында алатын ерекше орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін баса айтты.
Мерекелік шара марапаттау сәтіне ұласып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан сала қызметкерлерлері марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: