Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Өрт сөндірушілер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды

Өрт сөндірушілер қызмет барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды1997 жылы 24 наурызда 11 сағат 25 минутта орталық өрт байланыс бекетіне «Көкөніс» АҚ өрт болып жатқаны туралы қоңырау түседі. Жанып жатқан оттың бетін қайтару үшін апатты орынға аға өрт сөндіруші өртке қарсы қызмет сержанты Төлеубаев Арман Қуанышбайұлы мен аға өрт сөндіруші өртке қарсы қызмет сержанты Әшірбеков Арғын Қазыбекұлылар ең бірінші болып кіреді. 
Осы өртті сөндіру кезінде үстіне ауыр темір бетон құлауы салдарынан, біздің екі әріптесіміз қаза табады. Кейін жасаған ерліктері үшін екі азамат «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
 Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріміз Төлеубаев Арман мен Әшірбеков Арғынды еске алу мақсатында өрт-қолданбалы спортынан өткізілетін жарыстың ашылуы болды. Іс–шара кезінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник  М. Келесов сөз сөйледі.
Жарысқа өртке қарсы қызметінен 11 команда, Ресей Федерациясынан 2 команда (Специальное управление ФПС №70 МЧС России, Филиал ФГУП «ЦЭНКИ» - «Космический центр «Южный» город Байконыр) және «Өрт сөндіруші» Акционерлік қоғамының командалары қатысты.
Жарыс төрт талаптан тұрды. Төрт түрлі жарыстың қорытындысы бойынша командалардың есебі жүргізілді. Командалардың жеңімпаздары кубоктармен, грамоталармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: