Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аудандық сотта өзекті мәселелер талқыланды

Арал аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың толтырылуы, сотқа жолдау мерзімдері» тақырыбында дөңгелек үстел және Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 қадам» бағдарламасы төңірегінде семинар өткізілді.

 

Аталмыш шараның мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау, әкімшілік құқық туралы заңнаманың негізгі қағидаларын мүлтіксіз сақтау болып табылады.
Шараға Қызылорда облыстық сотының, Арал, Қармақшы, Қазалы аудандық және Байқоңыр қалалық соттарының судьялары, аудандық соттың қызметкерлері, аудандық прокуратура, аудандық ІІБ-нің қызметкерлері, қорғаушылар, аудандық кіріс басқармасының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында баяндама жасаған аудандық соттың судьясы Н.Бекетов әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің заңда көзделген мерзімде әрі сапалы және дұрыс қаралуы толтырылған хаттаманың сапасына тікелей байланысты екенін, алайда кейбір әкімшілік істер бойынша хаттамалардың дұрыс толтырылмайтыны, істердің дұрыс рәсімделмейтін фактілері кездесіп жататынын айтып, нақты әкімшілік істерге тоқталды. 
Сондай-ақ, семинар барысында аталмыш тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалып, қатысушылар тақырып төңірегінде өзара пікір алмасты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: