Қызылордада « Балалар түнгі қалада» шарасы басталады
Қызылорда облысы Полиция департаменті 11-17 маусым аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп, облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасын өткізеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Іс-шара барысында «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, сондай-ақ, жасөспірімдер мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, инспектор-психологтар түрлі тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді.