Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"ОТБАСЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

"ОТБАСЫ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ" ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІҚорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде  «Отбасы – басты құндылық» тақырыбында кездесу өтті.
Оны жоғары оқу орынының гуманитарлық-педагогикалық факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасына қарасты журналистика мамандығы бойынша білім алушы 4-курс студенттерінің ұйымдастырды. Жиынға қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Мақсаты – отбасы құндылықтарын жастар арасында кеңінен насихаттау. Кездесуді кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Ғ.Ә.Тұяқбаев сөз сөйлеп, ашты. Жиын барысында отбасылы студенттерге мемлекет тарапынан қарастырылған жеңілдіктер жайлы түсіндірілді. Кездесуге қатысушылар тақырыпқа сай дайындалған арнайы бейнероликті тамашалап, ой-пікірлерімен бөлісті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: