Сырдария ауданында жастар саясаты мәселесіне баса назар аударылып келеді.
Аудан спортшылары көгалдағы хоккейден әлем чемпионы, гір тасын көтеруден әлемнің 2 дүркін чемпионы атанды. Жыл көлемінде 10-нан астам пробациялық тіркеуде тұрған азаматтар жұмысқа қабылданып, жыл көлемінде психологиялық көмектер алды.
Аудан әкімдігі жанынан жастар ресурстық орталығын құру бойынша ұсыныстар беріліп, аудан әкімінің қолдауының арқасында 7 штаттық бірлік пен 16 млн. теңге қаржы қаралып отыр. Биыл облыс әкімінің "Сыр үміті" сыйлығын 5 жас алып, өзге аудандармен салыстырғанда үлкен көрсеткіш болды.
Ауданымыздың 4 жасы демеушілер есебінен Германия мемлекетіне оқуға қабылданатын болды.
Бүгін Сырдария ауданының әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданның түрлі сала бойынша үздік деп танылған, аудан дамуына өзіндік үлес қосқан 25 жаспен кездесті. Кездесу барысында жастардың ұсыныстарын тыңдап, келесі жылға қолдау көрсетуге аудан әкімі ықпал ететіндігін жеткізді.