0
Қызылордада салықтан жалтарған кәсіпкер сотталды
![]()
Қызылорда қаласында кәсіпкер салық төлемдерді төлемегені үшін 4 жылға сотталды.
Қызылордада кәсіпкер Юн Олегке қатысты сот үкімі шықты.
Ол мемлекет бюджетіне төленуі тиіс салықтар мен өзге де міндетті
төлемдерді төлеуден жалтарып, декларацияларға кірістер мен шығыстары
туралы көрнеу бұрмаланған деректерді еңгізіп, мемлекетке 326 368 823
теңге көлемінде залал келтірген.
Апелляциялық сот үкімімен Юн Олегті Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас
бостандығын айыру жазасы тағайындалып, мемлекетке келтірілген залалды
өндіру міндеттелді.
Сонымен қатар, азаматтық талапты қамтамасыз ету мақсатында құны 22 440
000 теңге тұратын «LEXUS LX 570» автокөлігі және жалпы құны 49 266 874
теңге болатын 13 бірлік арнайы техникаға тыйым салу шаралары сақталған