Есепті кездесу Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округінде де өтті.
Ауылдық округі бойынша округ әкімдігі аппаратына 2016 жылы аудандық бюджеттен 32 960 мың теңге қаржы бөлініп, өз мақсатында толық игерілді.
Былтыр аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 3 ауыл тұрғыны кәсіпкер ретінде тіркелді. Ауыл орталығында 2 кәсіпкер аралас сауда қызметімен, 1 кәсіпкер жолаушы тасымалдаумен және 41 кәсіпкер мал шаруашылығымен айналысады.
«ҚазАгроҚаржы» коорпарациясынан «Азамат» шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша алған 10 млн. теңге несиеге 39 жылқы өсіріп жатыр.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша алған несиесін Қамбар ата түлігін өсіруге жұмсап отырған тағы бір тұрғын бар.
Осындай мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану нәтижесінде округ бойынша мүйізді ірі қара 1600 басқа, уақ мал 5931 басқа, жылқы 2430 басқа, 11530 түйе басқа жетті.
Былтыр облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, №134, №259 мектептердің жаңа ғимараттарының іргетасын қалау жұмыстары басталды.